+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
05 Наурыз, 2022

Қызылордада «Қажылық» тақырыбында семинар өтті

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қажылық» тақырыбында семинар өтті.

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өткен семинарда облыстық мешіттің наиб имамдары Жақсылық Әбенов пен Қайырбек Отызбаев, сондай-ақ қалалық «Айтбай» мешітінің наиб имамы Асқар Жұбанов бес парыздың бірі – қажылық құлшылығының маңызы мен сауабы турасында уағыз айтып, қасиетті сапарда орындалуы тиіс амалдар мен талаптарды түсіндірді. Сонымен қатар, «Tawaf Travel» қажылық компаниясы туралы ақпарат берілді.

Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарды жолдап, тұшымды жауап алды.