Бұл алтын есік-Қағбаның интерьерінің ең танымал элементтерінің бірі. Бұл Баб ат-Тауба немесе Тәубеге келу есігі.

Оның артында тар баспалдақ бар.

Бұрынғы уақытта тәубеге келу есігі арнайы жамылғымен жабылған.

Баспалдақпен көтеріліп, тар люкті ашу арқылы Қағбаның төбесіне жетуге болады.

Бұрын Қағбада екі деңгейлі шатыр болған. Қағбаның төбесінің ішкі және сыртқы бөліктері бір-бірінен қандай қашықтықта болғанын мына суреттен байқауға болады.

Зул-хиджа айының 9-10 күндері қажылар Арафа тауында болғанда, жыл сайын Қағбаның жамылғысын ауыстыру рәсімінде Харам мешітінің қызметкерлері осы есікті пайдаланады.

Ғаламтор материалдары бойынша дайындаған: hajj.kz