Сауд Арабиясындағы қасиетті екі мешіттің қызметкерлері Қағбаны жыл сайын жуу рәсімінде қолданылатын кейбір құралдарды көрсетті.

Мыстан арнайы жасалған құралдар виртуалды көрме кезінде көпшілікке ұсынылды.

Рәсімге арналған аспаптар жиынтығында қасиетті Қағбаны жууға арналған арнайы жуу ерітіндісі бар он литрлік ыдыс бар, ол ең жақсы уд майынан және зәмзәм суымен араласқан раушан суынан тұрады. Бұған қосымша әйгілі Таиф раушандары мен амбра, кәріптас (янтарь) қосылады.

Сондай-ақ, Қағбаның ішін сыпыру үшін пайдаланылатын күмістен жасалған төрт сабан сыпырғыш бар.

Қағбаның биік қабырғаларын тазарту үшін күміспен қапталған тұтқалары бар төрт моп қолданылады. Қағбаның едендерін сүрту үшін ағаш сабы бар төрт мата қолданылады.

Қағбаны жуу рәсімі - Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннеті және жыл сайынғы қажылықтан кейін атқарылатын маңызды рәсімдердің бірі.

Бұрын Қағба жылына екі рет - Мухаррам және Шағбан айларында жуылатын. Енді Сауд Арабиясы билігі мұны бір-ақ рет жууға шешім қабылдады, бұл тауап жасайтын қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты.

Дәстүр бойынша, Қағбаны жуу рәсіміне Саудия монархы немесе оның сенімді адамы  жетекшілік етеді.

Ғаламтор материалдары бойынша дайындаған: hajj.kz