
Өздеріңіз білетіндей, Екі әлем сардары Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Муизза атты мысығы уағыз айтқан кезде Оның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тізесінде ұйықтайтын. Сондай-ақ, Әбу Хурайра деген лақап атпен тарихта қалған саңлақ сахабалардың бірі Әбді әл-Рахман да қайда жүрсе де қолынан мысығын тастамайтын. Мысық мешітке кіруге рұқсат етілген жалғыз жануар. Қасиетті Меккедегі Харам мешітінде де мысықтарды көптеп кездестіресіз. Зәм-зәм суынан ішеді, тіпті, сол жерде ұрпақ өрбітеді. Қажылармен бірге құлшылық залында бірге ұйықтайды.