Мына фотосурет расында ерекше әсер қалдырады. Сауд Арабиясының фотографы Эмад әл-Хусейни Қара тасты (Хаджар әл-әсуад) алғаш рет суретке түсіре алды.
Қара тас, Жәннаттан түсірілген тас. Бұл тасты орнатуға Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) жеке өзі қатысқан. Қара тас қасиетті Қағбаның ірге тасы ретінде де белгілі. Егер сіз мұқият қарасаңыз, онда тастың құрылымы біркелкі емес екенін көруге болады. Дәлірек айтқанда, Қара тас - шайырмен дәнекерленген бірнеше сынықтардан тұрады.
930 жылы осы Қара тас ұрланып, 23 жыл бойы карматтықтардың исмаилиттік сектасының қолында болған. Содан кейін Карматтардың көшбасшысы Әбу Тахир әл-Жаннаби Меккеге шабуыл жасауды жоспарлады. Ол алғаш рет қалаға келген кезде оған бұл жерге кіруге тыйым салынған, бірақ ол қалада бейбіт мақсатта қаламын деп ант берген. Бірақ, антын бұзып, Қағбаға зиянын тигізді.
Қажылықтың алғашқы күнінде кармалар Меккеге шабуыл жасады. Олар Харам мешітіне атпен кіріп келіп, қажыларды аяусыз өлтіре бастады. Қағбада намаз оқу кезінде карматтықтар 30 000-ға жуық қажыны өлтірді деп хабарланды.
Әбу Тахир Қара тасты бөлшектеп-бөлшектеп, өзімен бірге алып кетті. Ол қайтыс болғаннан кейін ғана, сол кезде Меккені басқарған Аббасидтер мемлекетінің өкілдері қара тасты қомақты ақшаға сатып алып, орнына қайтара алды. Осы тастың жеті бөлшегі күмістен жасалған арнайы қондырғы көмегімен біріктірілді.
Ғаламтор материалдары бойынша әзірлеген: hajj.kz