Hickmet travel
Біздің компаниямыз - 2008 жылы «Туроператор» ретінде сертификат алып іргетасын қалады.
Компанияны құрудағы негізгі мақсат- клиенттер, қызметкерлер және серіктестерге пайдасы тиетін жоғары сапалы істі бастау еді. Көзделген мақсаттардың аз уақыт ішінде жүзеге асуы нәтижесінде қазақстандық туроператорлар арасында көшбасшы орынға тұрақтады. Соның арқасында, ұсынылатын қызметтер де сапасы жоғары жаңа деңгейге көтерілді.
Біздің қызметіміздің ауқымы кең. Туристік саланың барлық бағыттарын қамтимыз. Халықаралық туризмнен бастап, визалық сүйемелдеу, әуебилеттерді сату және қонақүйлерді брондауға дейінгі қызметтерді көрсетеміз. Десекте, біздің басты бағытымыз - Қажылық пен Ұмраны ұйымдастыру. Біз қажылыққа барушыларға жоғары сападағы бірнеше бағдарламалар түрін ұсынамыз. Әбден тексерілген, сенімді серіктермен ғана жұмыс істейміз. Сондай-ақ, Қазақстанның мұсылмандар Діни басқармасымен және Дін істері жөніндегі агенттікпен тікелей қызметтеспіз.
Айта кететін бір жайт, қажылық бағытының басымдығы біздің бизнестің басқа да бағыттарының сапасына ешқандай ықпал етпейді. Біз үшін негізгі және қосымша қызметтер жоқ. Клиенттерге жасап жатқанымыздың барлығы біз үшін аса маңызды болып табылады.
Біздің команда - туризм, әуетасымалдау және жарнама саласында білім алған, жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыс тәжіребиесі бар, кәсіби білікті қызметкерлерден жасақталған. Біз сондай-ақ, Қажылық пен Ұмра кезінде діни сауатты жолнұсқаушылармен де қамтамассыз етеміз.
Біздің қызметкерлер мына кешенді үш қағиданы басшылыққа ала отырып жұмыс істейді.
- Жұмысқа сүйіспеншілік;
- Клиентке деген сыйластық;
- Кәсіби шеберлік.
Бұл қағидалар компания жұмысының негізгі діңі болып табылады. Адамдардың арасындағы қарым-қатынас нарықтық қатынасқа ұласып, материалдық құндылықтар басымдылықа ие болған заманда біз рухани құндылықтарды сақтап қалуға тырысудамыз. Екі дүниеде қайырлы іс- компания бизнесі тасын алға домалатпаса, кері әсер етпейтініне нық сенімдіміз.
Біздің клиенттер – бұл кәсіби білікті, сенімді сапа, жоғары деңгейдегі қызметті құрметтейтін жандар.
Біздің өкілдеріміз - Қазақстанның бес ірі қалалары: Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Атырау жұмыс істейді.
Компания директоры: Айдос Дюсенов
Call-center: 87073904040
Алматы қаласындағы байланыс телефондары:
+77073904040; +7 (727) 390-40-40; +77784777666
Астана қаласындағы байланыс телефондары:
+7 (7172) 65-66-11; +77784777714
Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз: