+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
11 Маусым, 2018

Тауафқа қатысты сұрақтар

СҰРАҚ: ТАУАФ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

ЖАУАП: "Тауаф" Хажар әл-Әсуад бұрышынан немесе сол қатардан бастап, тауаф ниетімен Қағбаның айналасында 7 рет айналу. Әр айналымды "Шаут" дейді. 7 шаут бір тауаф. 

СҰРАҚ: ТАУАФ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

ЖАУАП: Хажар әл-Әсуад қатарына келмей тұрып: Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ұмра тауафын жасағым келеді. Жеңілдік бер, қабыл ал! - деп ниет етіледі. Тауафқа бастамай тұрып ерлер "ызтиба"* жасайды. Осылайша Хажар әл-Әсуадтың қатарына тура жүреді, әрі такбир, тәһлил айтып, дұға жасаған өте орынды.